Сенбі, 16 Қараша 2019
1246 3 пікір 14 Қазан, 2019 сағат 10:49

Сирия армиясы түрік әскеріне қарсы жол тартты

Сирия әскері Түркия шабуыл жасап жатқан солтүстік ауданға кіру жөнінде бұйрық алды. Сирия билігі Түркия әрекетін "агрессия" деп бағалап отыр.

Тағы бір мәліметке қарағанда, Сирия үкіметі мен "Сирия демократиялық күштер" (күрдтердің қарулы күші) арасында келіссөздер басталған.

Reuters ақпаратына қарағанда, келіссөз Латакиядағы Хмеймим әуебазасында өтіп жатыр. Бұл жерді ресейлік әскер бақылайды.

Соғыс алаңында жұмыс істеп жатқан CNN тілшілері шабуыл насырға шауып жатыр деп хабарлады.

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Түркия шабуылын кеңейтуі мүмкін деп болжайды. Бұл жөнінде ол Би-би-си-ге берген сұқбатында айтты.

Түркия шабуылды Сирияда террористермен күрес кезінде АҚШ-тың басты одақтасы болған күрд әскеріне қарсы жасап жатыр. Эспердің сөзінше, күрдтер енді ресми Сирия мен Ресейден қолдау іздеуі мүмкін. Сол себептен АҚШ оларды қолдамайды дейді Пентагон басшысы.

БҰҰ мәліметі бойынша, өткен аптада 130 мың адам Сирия солтүстігінен бас сауғалап кеткен. Босқындар саны жақын уақытта көбеюі мүмкін деп ескертеді БҰҰ.

Abai.kz

3 пікір