Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қаржы 4283 10 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 13:47

Еліміздің мемлекеттік қарызы 15 триллион теңгеден асты

Қазақстанның қарызы жайлы айтылар сөз көп. Біреулер "қарыздың құйына белшемізден батып, шыға алмай жатырмыз" десе, тағы біреулер "көршіміздің қарызын қайтара алмағандықтан, олар жерімізге көз тігіп отыр екен" деп шулатады. 

Әрине, бұның бәрі алып-қашпа әңгіме деп елемеуге болар еді. Бірақ еліміздің өзге жұртқа азды-көпті қарыз екені шындық. Халық сол қарыздың мөлшерін біліп отыруға құқылы. Жақында ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері Тengrinews.kz сайтының ресми сауалына жауап беріпті. Ресми мәліметке сенсек, Қазақстанның мемлекеттік қарызы - 40 миллиард доллар немесе 15 триллион теңге екен.

Аталған ведомство өкілдерінің айтуынша, 2019 жылы 1 шілдеде мемлекеттік қарыз мөлшері осындай болған. Бұның ішінде 31 миллиард доллардың немесе 12 триллион теңгеден аса сома - үкіметтік қарыз. Бұнда сыртқы қарыз - 5,4 триллион теңге (14 миллиард доллар), ал ішкі қарыз - 6,7 триллион теңге (17 миллиард доллар).

Сонымен қатар, ресми жауапта Қазақстан үкіметін қарызбен қамдап отырған халықаралық қаржы ұйымдарының да аты аталған. Олар: Халықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия Даму Банкі және Ислам Даму Банкі. Бұларға ел үкіметі 2,3 триллион теңге қарыз.

Бұдан бөлек, шетелдік коммерциялық банктер, шет мемлекеттердің үкіметтік ұйымдарының алдында 253 миллиард теңге қарызы бар. Бұл қарыздың иелері: араб экономикалық дамуының Кувейт қоры, Абу-Даби Даму Қоры, Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі және Германия үкіметінің несиелік агенттігі.

Қаржы министрлігінің өкілдері Үкімет қарызы республикалық бюджет қаражатынан келісімдерде белгіленген мерзімде өтелетінін айтады.

Ал Қазақстанға тек Грузия елі ғана қарыздар екен. Ведомство өкілдерінің айтуынша, грузиндер еліндегі ауыр экономикалық жағдайға байланысты қарызды қайтару мерзімін ұзартқан. Атап айтқанда, төлеу мерзімі 2017 жылдан 2025 жылға дейін ұзартылған. Соған сай, бұрынғы қарыз мөлшері - 25,4 миллион доллар болса, енді бұл сома 37,9 миллион долларға өсіп отыр.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525