Сенбі, 20 Сәуір 2024
Не дейді?! 4566 5 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:09

Ел спорты қазақ және қазақстандық деп бөліне бастады

Елімізде тіптен өрши түскен тілдік фоктордың негізінде біртұтас алаш баласы қаққа жарылып спорттық бөлінуді бастан кеше бастады. Қазір Олимпиадалық емес спорт түрлерінің кейбірі қазақтың емес, қазақ тіліне пысқырып қарамайтын қазақстандықтардың спорт түріне айналу тендециясы орын алу үстінде.

Соның бірі федерция ретінде жеке құрылып, алматылық «Фениксы», «Титаны», «Орда», елордалық  «Волки», «Кэпиталз» және қырғыз елінің бас қаласының «Барс» командаларының қатысуымен 10 жылға жуық ел чемпионатын өткіп келе жатқан үр жаңа спорт түрі америкалық футбол.

Жақында Қазақ құрамасының америкалық футбол бойынша бас жаттықырушысы Павел Филипповтің бастауыме құрамы алматылық «Фениксы», «Титаны», «Орда», елордалық  «Волки», және қырғыздың «Барс» командаларының 17 ойыншысынан тұратын ел құрамасы гүржі еліндегі жолдастық кездесуде 22:12 жеңіп қайтты. Қарымата кездесу Алматы қаласында өтеді.

Осы ойында гүржілер ойын үстінде төбелес шығарғанын орыс тілді қазақ басылымдары мен сйаттары жарыса жазды. Ал, қазақстандық спорт түрін жазуды қазақ баспасөзі керек те етпеді. Осыдан-ақ, бір елдің спортшылары мен тұрғындарының жікке бөлінушілігі аңғарылады

Осындай жаңа ойын түрлерінің қазақ арасында қанат жаймауы ірі қалалардағы бизнес элитамыздың орыс тілділігінен деп білгеніміз жөн. Ал, Арыс, Аягөз, Жаңа Өзен сынды шағын қазақы қалалардың жасөспірімдері мен жастарының қазаққа таңсық спорт түрлерімен айналысуға қашанда қаржы жетпей жатады. 

Ұлтымыздың 60 пайызы қалалық бола бастаған урбандану дәуірінде, қазақ спортын ауылда дамытамын деушілік әпенделік. Өйткені, қазақ спортының дамуы ауылда емес, ірі қалалардағы қазақ тілді мөлтек аудандар мен бірыңғай жергілікті ұлт өкілдері тұратын  қазақ тілді шағын қалалардан бастау алу керек. Осыны қазақы өңірлерден сайланған депутаттар әр кез мәселе қылып көтерсе, еліміз кейбір спорт түрлерінен әлемдік қағанатқа (державаға) айнала алады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

5 пікір