Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4531 4 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 12:57

Аударма арқылы қабылданған заң жүзеге аспайды

Бүгін күн тəртібінде тұрған мəселе өте өзекті. Мен əріптесім Мұрат
Бақтиярұлының айтқан сөздеріне толық келісемін. Еліміздегі кез келген заңның сапасы бірінші кезекте дұрыс болуы керек.

Қазақстан Президенті «Еститін мемлекет» құрамыз дегенді айтты. Менің
ойымша, бізге «көретін мемлекет» деген де керек болады. Қабылданған заң жұмыс істеу керек. Ол үшін заңның тілі жұмыс істеу керек. Аударма арқылы қабылданған заңның жүзеге асуы, өмірде қолданылуы өте қиын.

Біздің қазақта «Көрмейін десем – көзім бар» деген сөз бар. Мəселен, бүгінгі
дайындалған ақпараттық-анықтамалық материалдардың 48-ші беттегі орысшасында: «Однако в настоящее время одной из главных бед казахстанской законоворческой деятельности называется пресловутое «мелкотемье». Енді осының қазақшасында аударылғаны қалай? «Қазіргі уақытта қазақстандық заң шығару қызметінің басты бедінің бірі «ұсақ-түйек» деп аталады» дейді, «главных бед» дегенді «басты беді» деп аударады. Енді осындай ұсақ-түйек деп отырған нəрсеміздің барлығы біздің мемлекеттік тіліміздің мəртебесін төмендететін нəрсе деп қабылдаймын. Сондықтан
кез келген заңды қабылдау кезінде мемлекеттік тілді құрметтеуді өтінер едім.

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты,

(ҚР Парламенті Сенатында «Заң шығару процесін одан әрі жетілдіру» тақырыбында өткен Парламенттік тыңдаудағы сөйлеген сөзі).

Abai.kz

4 пікір