Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 5720 16 пікір 26 Қыркүйек, 2019 сағат 13:15

Аналардың зейнетке 55 жастан шығуын талап етеміз, Смайылов мырза!

Құрметті, Әлихан Смайлов мырза!

Пенсия жасын ұлғайту деген ұсынысыңыз, басқа елдер мен салыстыруыңыз дәл осы жылдар тура келмейді.

Шет елдермен салыстырасыздар. Шет ел әйелдері секілді, бір түйір бала тауып, қақшаңдап жүрген қазақ әйелдерін, бүгінгі жастар емес, осы 50 мен 60 арасындағы әйелді көрдіңіздер ме? Жоқ ең аз дегенде бүгінгі пенсия жасындағы әйелдер кемі 4, 5 баладан тапқандар.

Шет ел мен жасты ғана салыстырмай, алатын пенсия ақшасын да салыстыруды ұмытып кеткен сияқтысыздар. Бізде шекесі шылқып пенсия алып жүргендер, саусақпен санарлық қана. Біздің талап мынау.
Пенсия көп балалы аналар 50 жас. Аналар 55 жас.
Ер азаматтар 60 жас болса, сол бүгінгі өмірге сай және лайық.

Бізді шет елмен салыстырмаңыз, оған біз де, біздің бүгінгі қоғам да, көзқарас та, түсінік те басқа. Біз ол дәрежеге жеткен жоқпыз әлі. 50 жастағы әйел бір жерге жұмыс сұрап барса, жасың үлкен деп, жұмысқа қабылдамайды. Жұмыссыз сандалып, не істерін білмей, балалардың, күйеуінің қолына қарап мүсәпір хәлге түсіп, үнсіз, лажсыз, даусы еш жерге жетпей жүрген әйелдер мың-мыңдап , ( сүрек-сүрек теп) жүрміз. Ал жұмыстағы әйелдер, жасы 58, 59 жаста, тәлтең, тәлтең етіп, жұмысқа жарамай, лажсыз жұмыста жүргендері де мың-мыңдап саналады. Аналарға деген , өкіметтің арнайы дайындаған қорлығы деп, қабылдап отырмыз біз. Біз биліктегі жылы жер, жұмсақ креслода отырған аналар емеспіз. Біз кәдімгі қара жұмыс жасап жүрген аналармыз деп , жан айқай мен жүрген аналар да мың -тыңдап. Енді не істейміз?

Әлде өңкей кемпір, шалдар сізден рұқсат болса бейбіт шеруге шығайық па? Біз де адам быз ғой.

Шашымыз әппақ, аяқтарымыз қалтаң, қалтаң етіп жастардың , немереміздей балалармен таласып, тырмысып, жек көрінші көрініп жүре берелік пе?
Билік өкілдері, министрлер, депутаттар бәріңді де асыл ана деген ана, әйел дүниеге әкелді ғой.

Енді біз асыл ана емес, бейшара, мүсәпір ана деген атқа ие болып қалдық. Шынымен де жастар басқаша көзбен қарайтыны хақ. Бүгінгі қазақстанның заңын білмейтін жастар, апай үйіңізде, немереңізді қарап жатпайсыз ба деп жиіркенішпен қарайды. Олар ойлайды ақша үшін жүр деп. Бізді бұлай қорламасаңыздар екен, өтініш.

Пенсия жасын ұлғайту, күнімізден бұрын көрге қарай, мәдениетті , ың-шыңсыз ғана сүйреу секілді көрінеді.

Айдана Балтабаеваның facebook парақшасынан

Abai.kz

16 пікір