Жұма, 18 Қазан 2019
Саңлақ 3645 6 пікір 19 Қыркүйек, 2019 сағат 10:22

Әлем чемпионаты: Қоржында алты медаль бар

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ХХ әлем чемпионаты өтіп жатыр. 8 қыркүйек күні басталған біріншілік 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Ресей жерінде 91 елден келген 488 спортшы бақ сынауда.

Бұл кезекті жаһандық додада боксшылар 8 салмақ санатында ғана өнер көрсетуде.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Екатеринбургке төмендегі 8 боксшыны ертіп барған.

52 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Қайрат Ерәлиев
63 келі: Зәкір Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.

Ресей жерінде бақ сынаған 8 саңлақтың алтауы жартылай финалға жолдама алды. 63 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда Куба боксшысы Энди Круске есе жіберді. Ал Қайрат Ерәлиев (57 келі) ширек финалда өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалиловтен жеңілді. Сөйтіп, құрамадағы ең сақа екі боксшы қатардан шығып қалды.

Қалған алты боксшымыз әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізді. Қоржында алты медаль бар. Медальдің саны белгілі, сапасы алдағы үш күнде анықталады. Жартылай финалдық кездесулер 20 қыркүйекте, ақтық сын 22 қыркүйекте өтеді.

Ширек финалдық кездесулер:

52 келі: Сәкен Бибосынов — Артур Оганесян (Армения)
57 келі: Қайрат Ералиев — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан)
69 келі: Абылайхан Жүсіпов — Роан Поланко (Доминикан Республикасы)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет — Арман Дарчинян (Армения)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов — Байрам Малкан (Түркия)
91 келі: Василий Левит — Хуссейн Яшаиш (Иордания)
+91 келі: Қамшыбек Құнқабаев — Нелви Тиафак (Германия).

Боксшыларымыздың жартылай финалдағы қарсыластары:

Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

52 келі: Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Эймур Марисаль (Филиппин)
91 келі: Василий Левит - Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)

Кешкі сессия, 20:00

69 келі: Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Сезар Ла Круз (Куба)
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев -Джастис Хуни (Австралия)

Жартылай финалдық кездесулердің тікелей трансляциясы:

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

6 пікір