Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Билік 4444 1 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 19:44

Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Скляр 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚТЖ вице-президенті, Ұлттық экономика вице-министрі, Инвестициялар және даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Abai.kz

1 пікір