Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 4837 1 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 19:38

Марат Тәжин қызметінен босатылды

Марат Тәжин қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет Басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Марат Тәжин 24 наурызда мемлекеттік хатшы болып Бақытжан Сағынтаевтың орнына тағайындалған.

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

1994-1995 жылдары ҚР Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі болған.

1999-2001 жылдары Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған.

2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Сыртқы істер министрі (2007-2009) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2014-2017) болған.

Айта кету керек, Марат Тәжин мұның алдында мемлекеттік хатшы қызметінде болған (2013 жылдың 16 қаңтарынан бастап 2014 жылдың 21 қаңтарына дейін).

Abai.kz

1 пікір