Жұма, 19 Сәуір 2024
3699 0 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 19:35

Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Қырымбек Көшербаев Әкімшілік басшысы қызметінде 82 күн болды. Айта кетейік, Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Ерлан Қошанов 57 жаста.

Ол 1962 жылы 14 сәуірде Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары - Мәжілістегі, Парламенттегі Үкіметтің өкіл қызметін атқарған.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған.

2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болған.

Abai.kz

0 пікір