Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3254 0 пікір 1 Тамыз, 2011 сағат 07:41

Нұрлыбай Қошаманұлы. Қытай ушықтырушы факторға айналып барады

Қытайлықтардың қазақ халқының табиғатымен ешбір сиыспайтын қылықтары: менменшіл өркөкіректігі, қазақ жұмысшыларына екінші сортты қаралар ретінде қарауы - мұның барлығы аймақта гегомондыққа ұмтылған ұлы державалық шовинизм мен авантюризм саясатынан туындап жатқан жайлар. Шетелдіктердің өктемдігі соңғы жылдары тым шектен шығып барады. Олар өздеріне сатылған жергілікті билік пен үкіметтегі сыбайластарын пайдаланып атқарушы өкіметтің қолымен жұмысшылардың белсенділерін, оларды қолдаушы демократиялық саяси партиялардың өкілдерін қуғындаумен айналысып жатыр. Бұған Маңғыстау мұайшылары белсенділерін қуғындау дәлел. Мұндай жайлар өз кезегінде елдегі қоғамдық, саяси, ұлтаралық ахуалды ушықтыруда. Біз қанша жерден демократиялық қоғам құрып жатырмыз десек те, Қазақ Үкіметі қытайлықтардың «әшекейінің» ту сыртынан аумақтағы қоғамдық, саяси ахуалды ушықтырушы «таптық үстемдігінің» төніп келе жатқанын көре білулері керек. Мұның соңы мемлекеттігіміздің негізіне қауіпті.

Шынайы ынтымақтастық өз жауапкершілігін мойындай жүріп, адам құқықтары мен мүддесіне достық ниетпен қарап, кепілдік берген жағдайда ғана қамтамасыз етілетінін ескерсек, өкінішке қарай қытайлықтардың басқарудың неғұрлым дөрекі әдістеріне көшуі, жұмыста бүтін халықтың ұлттық мүдделерін елемеуі, жалақыларын өсірмей езе қанауы, халықтың екінші бөлігін ашындыруда. Ақтөбеде қазақтар мен қытай жұмысшылары арасында төбелеске ұласқан қақтығыстар жиі қайталануда.  Былтыр 17 қыркүйекте «Северная труба» кенішінде «Ориол-құрылыс», «М-техсервис» ЖШС-іне қарайтын қазақстандықтар мен қытайлықтар арасында жанжал туып, соңы атысқа ұласқан қанды сойқан орын алды. Нәтижесінде бір қытайлық өліп, бірнешеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл қанды қақтығыс 200 қытайлықтың заңсыз келіп еңбек еткені аз болғандай, жергілікті жұмысшылардан «бірнеше есе артық жалақы» алуынан ушықты. Халықтар арасында ұлтшылдық сезімдерді, өзара сенімсіздік пен араздықты қоздыру қытайдың бұрыннан бар саясаты. Бір нәрсе айқын - еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды.

Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде қазақ халқының оның жұмысшыларының қытайлықтарға қарсы жиілеген наразылық қозғалысы олардың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан туындаған табиғи жауап әрекет. Билік кешегі  Кенқияқта, Шұбаршиде болған атысты, адам қырғынын «радикалды діни секталардың» ісі деп қанша бүркемелесе де, бұл аймақтағы әлеуметтік қанаудан және жастардың басым бөлігінің жұмыссыздығынан туындап жатырған оқиғалар екені даусыз. Биліктің бұл желеуіне сеніп отырған халық жоқ. Кенқияқ пен Шұбарши халқы да «қытайлықтардың қанауында» жатқан, 70 жыл бойы жерінен мұнай мен газ беріп келсе де байлығынан жалай алмай, рухани жағынан да жадап-жүдеп отырған елді-мекендер. Сосын да бұл аймақта жұмыссыздық та, ұрлық та, қылмыс та өршіп, «таптық» күрес ушығып тұр.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

Ақтөбе қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір