Жексенбі, 20 Қазан 2019
46 - сөз 1531 4 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 12:55

Тұрақтылық деген ұғым атымен жоқ

Өмір өзгере бермек
Шын мәнінде не қалайтыныңды білмесең, деградацияға ұшырайсың. Себебі, автоматты түрде мақсатсыз адам боп шығасың. Мақсатың болмаса, ешқандай жетілу жоқ. Ағыспен ылдилай бересің - оны көпшілік тұрақтылық деп атайды. Тұрақтылық деген ұғым атымен жоқ.

Тұрақты түрде не өркендейсің, не өшесің. Мәселе тіпті не жайында болса да маңызды емес, мейлі ол қарым-қатынас, жұмыс, ақша, не ел экономикасына қатысты болсын.

"Өзгерістен қашып құтылмайсың" деген сөздің түпкі мәні осыда. Қаласақ та, қаламасақ та - ши түбінде отырып, бас сауғалаудың жөні келе қоймас. Біз тірі тұрғанда өмір өзгере бермек. Не жақсы жағына, не жаман жағына. Бағытты таңдау - тек өз ырқыңда.
Макс Шаро

Шынар Әбілдәнің facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір