Жұма, 19 Сәуір 2024
Саңлақ 5679 3 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 11:42

Әлем чемпионаты: Тікелей трансляция

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ХХ әлем чемпионаты өтіп жатыр. 8 қыркүйек күні басталған біріншілік 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Ресей жерінде 91 елден келген 488 спортшы бақ сынауда.

Бұл кезекті жаһандық додада боксшылар 8 салмақ санатында ғана өнер көрсетуде.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Екатеринбургке төмендегі 8 боксшыны ертіп барған.

52 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Қайрат Ерәлиев
63 келі: Зәкір Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.

17 қыркүйекте турнирдің іріктеу кезеңі мен 1/8 финалдық кездесулері аяқталып, ширек финалға шыққан боксшылар толық анықталды. Қазақстаннан барған 8 шойын жұдырық жігіттің біреуі жарысты аяқтады. 63 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда Куба боксшысы Энди Круске есе жіберді. Ал өзге 7 боксшымыз ширек финалда өнер көрсетеді.

52 келі: Сәкен Бибосынов - Юберхен Мартинес (Колумбия) 5:0
57 келі: Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Тайланд) 5:0
63 келі: Зәкір Сафиуллин - Энди Крус (Куба) 0:5
69 келі: Абылайхан Жүсіпов - Ник Бир (Германия) 5:0
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Хавьер Мартинес (АҚШ)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Кено Машадо (Бразилия) 4:1
91 келі: Василий Левит - Марат Григорян (Украина) 5:0
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Гадф (Испания) техникалық жеңіс

Ширек финалдық кездесулер бүгін басталады. Біздің боксшылардың 1/4 финалдағы қарсыластары белгілі.

52 келі: Сәкен Бибосынов — Артур Оганесян (Армения)
57 келі: Қайрат Ералиев — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан)
69 келі: Абылайхан Жүсіпов — Роан Поланко (Доминикан Республикасы)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет — Арман Дарчинян (Армения)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов — Байрам Малкан (Түркия)
91 келі: Василий Левит — Хуссейн Яшаиш (Иордания)
+91 келі: Қамшыбек Құнқабаев — Нелви Тиафак (Германия).

Отандық телеарналар турнирді ширек финалдан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Атап айтқанда, бүгін күндізгі сессияны «Qazaqstan» телеарнасы, ал кешкі сессияны «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Күндізгі сессия (Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де):

В рингі:

52 келі: Сәкен Бибосынов — Артур Оганесян (Армения)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет — Арман Дарчинян (Армения)
91 келі: Василий Левит — Хуссейн Яшаиш (Иордания)

Кешкі сессия (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де):

А рингі:

69 келі: Абылайхан Жүсіпов — Роан Поланко (Доминикан Республикасы)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов — Байрам Малкан (Түркия)
+91 келі: Қамшыбек Құнқабаев — Нелви Тиафак (Германия)

В рингі:

57 келі: Қайрат Ералиев — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

3 пікір