Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
3229 7 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 11:02

Экс-әкім енді қаланың Құрметті азаматы атанды

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы қаласының құрметті азаматы атанды.

Қала күнінде Алматының экс-әкімін қаланың қазіргі әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев марапаттапты.

Бауыржан Байбекке бұл маратапат Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін берілген екен.

Бауыржан Байбек 2015 жылдан бастап Алматы әкімі болып жұмыс істеді. Ол әкім болған 4 жылда қала көшелері мен жолдар жөндеуден өткізілді. Қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қоршаулары бұзылды. Трамвай желісі жабылды. Универсиада өтті. Әл-Фараби даңғылындағы жол жүрі жылдамдығы 60 км/сағатқа дейін шектелді т.б.

Abai.kz

7 пікір