Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3170 13 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 10:56

Президент Тоқаев рельстегі жол апатынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында пойызбен болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты.

"Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Ресми мәліметке қарағанда, 15 қыркүйекте кешкі сағат 19.00 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысып, автобус жүргізушісі қаза тапқан, үш адам Қаскелең ауруханасына жеткізілген. "Олардың жағдайы ауыр" дейді ресми орындар.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс ашылған.

"Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" туралы 344 баптың және "көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" туралы 345 баптың "абайсызда адам өліміне әкеп соққан" тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция жол апатының себептерін тексеріп жатқанын хабарлады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми twitter-аккаунтында автобуста 67 адам болғаны жазылған.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3521