Жұма, 29 Наурыз 2024
Қауіп еткеннен айтамын 4372 10 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 10:46

«Екпеге радикалдар ғана қарсы» деп жалған есеп беруді доғарыңыздар!

Құрметті Елжан Біртанов!

Сіздің қарамағыңыздағы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың күні кеше БАҚ-та жарияланған пікірі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығына қол сұғушылық, әрі шенеунік этикасына қайшы келеді деп есептеймін.

Комитет төрағасы: «Егер екпе алмаған балалар кейін қандай да бір дертке шалдықса оның еміне қажетті шығындарды ата-аналардың өздеріне жүктейміз деген ұсынысты заң жүзінде бекітуге дайындап жатырмыз», - деді.

Ендеше, екпеден кейін бала қандай да бір дертке душар болатын болса, оның ақысын толықтай мемлекет өз мойнына алады деген жауапкершілікті де заңмен бекітуді ұсынамын. Сіздер осыған дайынсыздар ма?

Себебі соңғы 10 жылда біздің елде осы екпе себепті мүгедек болып жатқан балалардың саны күрт артты. Оның барлығы сапасыз екпеден. Білімсіз мамандардың салақтығынан.

Қазір әлеуметтік желіде жұрттан жылу жинаған ата-аналардың саны көбейді. Себебі мемлекеттен ешқандай көмек жоқ. Дүниеге сап-сау келіп, кейін екпе себепті сал ауруына шалдыққан бір баланың еміне екі емес, үш емес, он миллион теңгеге жуық қаражат қажет. Оның өзінде баланың аяққа тұрып кетуіне шетел дәрігерлері уәде бермейді. Амалсыз кредит алып, қарызға кіріп, әр дәрігердің есігін қағып не істерін білмеген ата-аналар сандалып жүр.

Екпенің артында миллиартдаған қаржының тұрғаны ешкімге жасырын емес. Ендеше жоғары жаққа «Екпеге радикалдар ғана қарсы» деп жалған есеп беруді доғаратын уақыт жетті. Мәселеге тура қараңыздар. Проблеманы Сіздер өте жақсы білесіздер. Қоғам да біліп отыр. Тығылыспақ ойнаудың не қажеті бар?!

Сондықтан, Людмила секілді шенеуніктер аюдай ақырып әлеуметтің ашуына тимей, тілін тартып сөйлегені жөн! Мен ата-ана ретінде балаларға екпені мәжбүрлі түрде егуге қарсымын. Өркениетті елдердің барлығында бұл процессте таңдау құқы берілген. Күнде бір заң ойлап табуды қою керек. Тәтті ғұмырынан айырылған балалардың, оны қызықтаудан қалған ата-аналардың көз жасынан қорқыңыздар!

Азамат Битан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544