Жұма, 29 Наурыз 2024
Талап 2785 3 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 10:04

Шамалғанда адамдар көпір салуды талап етіп жолды жапты

15 қыркүйекте сағат 22.30 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы Шамалған станциясында ондаған азамат пойыз жолын жауып, биліктен көпір салуды талап етті. Мұнда үш сағат бұрын теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапқан.

Оқиға орнынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар теміржол өткелінде үнемі кептеліс болатынын және апаттың жиілегенін айтып шағынған. Жиналған адамдар көпір салуды талап етіп "Көпір! Көпір!" деп ұрандады.

- 11 жылдан бері таң мен кеште, жұмысқа барарда және қайтарда ылғи осындай кептелісте сағаттап тұрамыз. Басшылар "көпір картада бер" деп айтады. Ұзақ жолға жүретін жүргізушілер картадан көреді де осында келеді, бірақ көпір жоқ. Егер келіспесе, күн сайын кешкі 17.00 мен 21.00 арасында пойызды тоқтатсын. Біз үйлерімізге өтіп алайық. Одан кейін жүргізе берсін. Егер бүгін демалыс болмай, сабақ болғанда не болар еді? Саяжайдан автобус-автобус оқушы келеді, - дейді өзін Болат Бөкебаев деп таныстырған Шамалған тұрғыны.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев "көпірдің схемасы жасалғанын" айтып, тұрғындарды сабырға шақырды.

Ресми мәліметке қарағанда, 15 қыркүйекте кешкі сағат 19.00 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысып, автобус жүргізушісі қаза тапқан, үш адам Қаскелең ауруханасына жеткізілген. "Олардың жағдайы ауыр" дейді ресми орындар.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс ашылған.

"Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" туралы 344 баптың және "көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" туралы 345 баптың "абайсызда адам өліміне әкеп соққан" тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция жол апатының себептерін тексеріп жатқанын хабарлады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми twitter-аккаунтында автобуста 67 адам болғаны жазылған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563