Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 6703 6 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 11:49

Үкімет несиені кешіру бойынша қосымша тізім жасайды

Қазақстанда несиесі үкімет тарабынан өтелетін азаматтар тізімі толықтырылады. Осылай деп 9 қыркүйекте өткен брифинг кезінде еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Төмендегі бес санатқа кіретін азаматтардың ғана мемлекет несиесін өтеп береді: асыраушысынан айырылған отбасылар; мүгедек балалары бар отбасылар; бала кезден 18 жасқа асқанға дейін ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар; әлеуметтік көмек алушылар мен 29 жасқа дейінгі таза жетімдер, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-ана қамқорынсыз қалғандар.

Егер жоғарыда аталған азаматтардың кепілсіз үш миллионнан аспайтын несиесі болса және 300 мың теңгеден аспайтын қарызы болса, кешіріледі. Светлана Жақыпова елде аталған бес санатқа жататын 2 млн 289 мың адам барын айтты.

– Олардың ішінде 507 мың адамның несиесі жабылды, - деді ол.

Ұлттық банк төраға орынбасары Олега Смоляковтың мәліметінше, 5 қыркүйекте мемлекет банктерге және микрокредиттік ұйымдарға 105 млрд теңге төлеген.

Олег Смоляков несиесін өтеу акциясына қатысқан азаматтар "қара тізімге" енгізілмейтінін, олар кейін банктерден тағы несие алуға болатынын атап өтті.

2019 жылы маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы аз қамтылған азаматтардың несиелерінің бір бөлігін кешіру жөнінде жарлыққа қол қойды.

Биыл ақпанда Астананың шетінде үй өртеніп, бір үйдің бес баласы мерт болған. Осыдан кейін үй-жайдан қиналған көп балалы және жалғыз басты аналар биліктен әлеуметтік көмек көрсетуді талап етіп, наразылық акцияларына шығып келеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576