Жұма, 13 Желтоқсан 2019
Білгенге маржан 3198 0 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 11:41

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: балалардың әдеті ерте жасынан қалыптасады

Кезінде Лао Цзы айтқандай, адам өз ойын қадағалауы тиіс, өйткені ой – сөзге, сөз – іске, іс – әдетке айналады, әдет мінезді қалыптастырады, ал мінез тағдырынды айқындайды. Сау және сапалы өмір сүру үшін балада ерте жасынан бастап дұрыс әдеттерді қалыптастыру қажет, өйткені олар балаларыңыздың өмірінде міндетті түрде маңызды рөл атқаратын болады.

Күнделікті өмірде біз неше түрлі ақпараттар легін алып отырамыз, сол мәліметтердің ішінен баланың денсаулығын сақтап нығайту үшін не істеу керектігін түсіну күрделене түсуде. Ал біз, баласының сау болғанын қалайтын әрбір оқушының ата-анасы білуі қажет қарапайым 4 қағидамен бөлісеміз:

Бірінші: Балалардың мектептегі алғашқы күндері ерекше назар аударуды қажет етеді, себебі баланың мектепке қабылдануы өміріне елеулі өзгеріс әкеледі. Бірінші сыныпқа келген бүгінгі балалардың ерекшелігі – тез шаршауда. Балаға қалай көмектесе аламыз? Біріншіден, күн тәртібін сақтау: күніне кем дегенде 10 сағат ұйықтау, дұрыс тамақтану, жаттығу жасау.

Басқа оқушыларғаға қатысты, ұзақ мерзімді жазғы демалыстан кейін балаға режимді, әсіресе ұйқыны қалпына келтіруге қажет: баланың нешеде жатуын, ұйқысының қануын, қозғалыссыз күйде неше сағат болатынын, отырып өткізген уақытын физикалық жүктемемен алмастыратынын бақылап қадағалаңыз. Демалыстан кейін бұл режимді бір сәтте ауыстыру моральдік тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да қиынға соғады. Балаңызға өзіңіз үлгі көрсете отырып көмектесіңіз.

Жоғарыда атап өткендей, оқушыларға жасына қарамастан 9-10 сағат ұйықтау қажет.  Ұйықтар алдында 4 сағат бұрын шулы ойындар ойнауды, теледидар мен компьютерді, ауыр ас ішуді, шулы музыка таңдауды шеттетуге тырысыңыз.

Екінші: сіз тұратын аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, балаңызға киетін киімін дұрыс таңдауға көмектесіңіз. Күзде ауа-райы алдамшы және құбылмалы болатынын ұмытпаңыз: үй-жайларда жылы, ал далада ауа-райы желді болуы мүмкін, сондықтан көпқабатты киімге бейімделген жөн - бала өзін жайлы сезіну үшін жеңіл киіну қажет және далада тоңып қалмас үшін қалың күртешесін киіп алуы керек. Осы мәселені сынып жетекшісімен талқылауды ұмытпаңыз: сынып күн түсетін жақта орналасса сыныптағы температура да жоғары болады. Қатты ыстықтау бас ауруларына әкелуі мен ағзадағы терморегуляция бұзылысының себебіне айналуы мүмкін. Егер бала тоңып қалса, оның иммунитеті де әлсірейді, оның нәтижесінде балаға суық тиіп, сырқаттануы мүмкін.

Үшінші: бала оқушы болған сәттен бастап, оның көру қабілеті артық жүктемеден нашарлай бастайды. Оған қоса, мультфильмдер мен компьютер ойындарынан да қосымша нашарлай береді. Толығымен қалыптаспаған көру органдарының дамуын асыра салынған жүктемеден және еңбек пен демалыс режимінің болмауынан тез құртып алуға болады.

ДДҰ статистикасы бойынша, мектеп жасындағы әрбір төртінші бала көз ауруынан зардап шегеді, солардың арасында алыстан нашар көру кең таралған.

Баланы өз денсаулығына мұқият қарауын үйретіңіз – оларға қағидаларды айтып, соларды сақтауға көмектесіңіз. Балалар:

  • жарық жерде оқып, жазуы тиіс;
  • компьютер мен теледидар алдында көп отырмауы тиіс;
  • көзін түрлі соққылардан, шаншулардан және жарақаттардан сақтауы тиіс;
  • көзге күш салатын тапсырмаларды орындаған кезде көзге арналған жаттығуларды жасау керек;
  • қажет болған жағдайда көзілдірік киюден ұялмау қажет.

Төртінші: оқушыларға қандай ауырлықты көтеріп жүру керектігін бақылаңыз. Егер барлық кітаптарды, қаламсауытты, дәптерлерді, ауыстыратын аяқ-киімді өлшеген кезде барлық салмақ 3-5 кг құрайды. Бұндай ауырлық балаға зиян келтірмес үшін, иықбауы кеңірек және қатты ортопедиялық арқашасы бар ыңғайлы сөмкені таңдаған жөн. Оқушының дұрыс дене мүсіні – тек сұлулығы ғана емес, сонымен қатар дұрыс денсаулығын көрсетеді. Ата-ананың баласының дене мүсінін дұрыс қадағалауына оның физикалық жай-күйі және болашақтағы сымбаттылығы байланысты болады.

Бала күнделікті өмірінің айтарлықтай көп бөлігін мектеп партасының алдында өткізеді, сондықтан оқу орнының дұрыс жарақтануы өте маңызды. Отырған баланың қолы, аяқтары және арқасы сүйенуі қажет. Орындықтың аяқтары баланың жіліншегінен ұзын болмауы тиіс. Аяқтары еденге тиюі қажет. Орындықтың арқашасында белі бүгілетіндей тірегі болуы керек.

Иммунитетті нығайту үшін, балаға күн сайын таза ауада қозғалмалы ойындар ойнап, спортпен айналысу қажет. Мықты және төзімді ағза ауруларға төтеп бере алады. Мектеп оқушыларына салынатын интеллектуалды жүктеме де үлкен. Баланың дұрыс тамақтануына, жасына сай дәрумендер мен микроэлементтерге бай азық-түлік жеуіне айрықша көңіл аудару қажет. Баланың ас үлесінен газдалған, құрамында қанты бар тәтті сусындарды және майлы тамақтар мен фаст-фудты алып тастау қажет.

Балаңыз осы қағидаларды сақтасын десеңіз, оған өзіңіз үлгі көрсетіп көмектесіңіз. Көз алдындағы позитивті рөлдік модель мен практикалық үлгі – жетістікке жетудегі негізгі факторлардың бірі.

Abai.kz

0 пікір