Жұма, 29 Наурыз 2024
3165 0 пікір 9 Қыркүйек, 2019 сағат 16:32

АҚШ "Талибан" қозғалысымен құпия келіссөзді тоқтатты

АҚШ Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілін елге қайтарды. Ол "Талибан" қозғалысымен бейбіт келіссөздерге қатысқан.

Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп құпия кездесудің болмайтынын хабарлаған. Бұл кездесуге Кабул қаласында жақында тіркелген жойқын жарылысты ұйымдастырушылар да қатысуы керек болған. Шабуылдан 12 адам қаза тапқан, оның ішінде АҚШ сарбаздары да бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 8 қыркүйекте Ауғанстан жөніндегі арнайы өкіл Залмай Халилзад елге қайтатынын, бейбіт келіссөздер уақытша тоқтағанын жариялады.

Помпео тәліптер "шектен шығып кетті" деп мәлімдеді. "Талибан" аймақтағы зорлық-зомбылықты доғару үшін мойнына алған жауапкершілікті орындай алмайды немесе орындағысы келмейді", - деп мәлімдеді Помпео Fox News телеарнасы эфирінде.

Дональд Трамп қос тараптың өкілдерімен Вашингтон шетіндегі Кэмп-Дэвид резиденциясында, 11 қыркүйек қарсаңында келіссөз жүргізгісі келетінін хабарлаған еді.

18 жыл бұрын 11 қыркүйекте "Әл Каида" террористік тобы АҚШ-та мыңдаған адам мерт болған ірі шабуыл ұйымдастырды. 2001 жылы АҚШ оған жауап ретінде Ауғанстанда әскери операциясын бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621