Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2856 0 пікір 9 Қыркүйек, 2019 сағат 15:57

Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  2019 жылғы 12 қыркүйекте оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы  Ахмет Байтұрсынұлының  ғылыми-педагогикалық мұраларынының   сабақтастығын жалғастыру.  Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту  және оны сапалы оқыту мақсатын жүзеге асырып жүрген  үздік оқытушылардың жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудағы жұмыс тәжірибесімен танысу,  қазақ тілінің жас мамандары арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау,  озық тәжірибелерін тарату, сондай-ақ  мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушылардың кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру.

Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең –  қатысушылардың өздері, оқу материалдары және жетістіктері жайлы алдын ала дайындаған бейнетаныстырылымының көрсетілімі; екінші кезең – қатысушылардың педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмаларды орындауы;  үшінші кезең –  20-25 минут көлемінде сабақ үлгісін көрсету.

Аталған шараға еліміздің 16 өңірінің  оқытушылары қатысады.

Республикалық байқау  жеңімпаздарын әдіскер-ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық 1, «ForteBank» мәжіліс залы

Басталуы: сағ: 9.00

Abai.kz

0 пікір