Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3754 5 пікір 9 Қыркүйек, 2019 сағат 14:59

Жүйе мен қоғам арасындағы "сенім" қақырап кетті

Бірде әкесі баласын ұзақ сапарға аттандырып тұрып: "Пәленбай дейтін жерде мынау шексіз ғаламның сырын білетін данышпан қария тұрады. Сол данышпаннан бақыттың құпиясын біліп кел",- дейді. Қырық күн жүріп әлгі жігіт таудың қиыр шыңында орналасқан ғаламат зәулім сарайға келеді. Оның иесі әкесі айтқан дана қария болып шығады. Әкесінің аманатын орындау үшін жігіт данагөйдің алдына барып: «бақыттың кілті қайда?» деген сауалын қояды. Қария болса жігіттің қолына екі шай қасыққа май тамшылатып беріп: "сен алдымен мына зәулім сарайды тамашалап кел, тек қолыңдағы екі қасық майды төгіп алма" дейді. Екі сағаттан соң әлгі жігіт қарияның алдына келеді. "Не көрдің?" дейді қария. "Барлық зейінім қолымдағы екі қасықта болды, ештеңе көре алмадым, ата" дейді. "Онда қайта аралап шық, мұнда қызық көп" деп қайта жібереді. Жігіт сарайдың таңғажайып көрінісін әбден қызықтап данышпанның алдына оралып, көрген таңғажайыптарын аузынан суы құрып баяндап береді. "Қолыңдағы екі тамшы майың қайда?" дейді қария жігітті мұқият тыңдап болып. Жігіт қасығының бос екенін енді байқап, басын қасып қалады. Сонда данышпан:" Бұл өмірді шалқып қызықта, біл, қалауыңша өмір сүр, тек қолыңдағы екі тамшының төгіліп қалмауын қадағала. Бақыттың бар сыры осы" деген екен. Ол не тамшы? Пауло Коэльо оның жауабын көрерменнің өзіне қалдырыпты.

Меніңше, қос тамшы - нәпсі мен ар. Нәпсіңді тиып, арлы болсаң, иманың тасып, бақытың баянды болмақ. Бүгінгі жүйе сол данышпан айтқан екі аяулы тамшысын төгіп алды. Нәпсісін тыймай байлық жиды, әділдік құрмай, ардан безді. Жүйе мен қоғам арасындағы "сенім" атты алып қамалдың қабырғасы қақырап кеткені де сол. Қақырап кеткен қамалды қайта тұрғызбаққа Ұлттық сенім кеңесін құрды. Ол кеңеске биліктің астыртын қолшоқпарлары мен қоғамның сенімінен ада кей "тұлғалар" жүр екен... Олар қайтып сетінеп кеткен сенімді жалғайды?

Парадокс. Жасарал, Досым, Жанболат, Толғанай, Ермұраттар қайда? Ермұрат демекші, ол кісіні "Ақиқаттан" аластатып үлгіріпті.. Парламенттік сайлау қойылымына дайындық басталып кеткен екен ғой...

Дина Елгезектің facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610