Жұма, 26 Сәуір 2024
5146 6 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 15:39

Алматыдағы "барахолка" базарынан тағы өрт шықты

Алматы қаласындағы Барахолка базарында тағы да өрт шықты. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт "Мизам" базарындағы қоймадан шыққан.

« Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан  78/1 – «Мизам» базарының аумағында контейнер отқа оранды. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына шықты»,- деп хабарлайды ТЖД.

Бұл қоймада металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталған көрінеді. ТЖД мәліметінше, өрттің басқа да қоймаларға таралу қаупі бар.

Оқиға орнына 12 арнайы техника мен департаменттің жеке құрамындағы 43 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, ТЖД өртті ауыздықтауға тікұшақ жібергелі отыр.

Abai.kz

6 пікір