Жұма, 29 Наурыз 2024
4130 8 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 11:58

Вице-премьер: Қытаймен бірлескен 15 жоба жұмыс істей бастады

Қазақстанда қазақ-қытай бірлескен 15 жоба жұмыс істей бастады деп мәлімдеді елдің премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Ол баспасөз мәслихатында Қытаймен келісім жасалған 55 жобаға байланысты түсініктеме берді. Осы аптада елдің бірнеше қаласында тұрғындар наразылыққа шығып, "55 Қытай зауытының жұмыс істеуіне" қарсылық білдіріп, биліктен бұл зауыттарды елден шығаруды талап еткен еді.

- Осы 55 жобаның ішінде 3,9 миллиард долларға бағаланған 15 жоба ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік, логистика және басқа салаларда іске қосылды. Бұл 15 жоба аясында жаңадан ашылған 4 мыңға жуық жұмыс орнына тұрғандардың 95 пайызы – қазақстандықтар, - деді Қасымбек. Оның сөзінше, биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылмақ. Барлық жобаның құны - 27 миллиард доллар.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, "олардың көбі - жоғары технологиялы кәсіпорындар".

- Жалпы осы жобалар бойынша біз 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Тағы да қайталаймын, (Қазақстанға) басқа бір елден ешқандай ескі зауыт әкелінбейді, - деді ол.

Қасымбек сөз арасында соңғы уақытта елге құйылған Қытай инвестициясының көлемі 5,6 пайыз деңгейде қалғанын да жеткізді.

Елдегі наразылықты меңзеген вице-премьер бұл жобалар жайлы ақпараттың халыққа дұрыс жетпей жатқанын айтып, сыртқы істер министрлігіне қарасты инвестиция жөніндегі комитет толық ақпарат беруі тиіс деді.

2 қыркүйектен бері Жаңаөзен тұрғындары наразылыққа шығып, Қазақстанда Қытай инвестициясына 55 өндіріс орнын салу туралы үкіметаралық келісімге қарсылық білдіріп келеді. Наразы жұрт президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан 11-12 қыркүйекте Қытайға жоспарланған ресми сапарынан бас тартуды да талап еткен. Наразылық акциялары 3-4 қыркүйекте елдің бірнеше қаласында жалғасты.

Қытай батысындағы Шыңжаңда аз ұлттардың, (оның арасында этникалық қазақтар да бар) қысымға ұшырауы туралы хабарламалар жиілеген тұста елде соңғы уақытта Қытайға қарсы көңіл-күй өршіген. Өткен жылы БҰҰ шамамен миллион этникалық ұйғыр мен өзге де түркітілді азаматтар Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінде қамауда отыр" деп мәлімдеген.

Қытай – Қазақстанға ең көп инвестиция құятын - төртінші, ең көп қарыз беретін үшінші ел. Қазақстанға инвестиция салу бойынша Нидерланды, АҚШ және Швейцария алғашқы үштікте тұр.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541