Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3909 6 пікір 4 Қыркүйек, 2019 сағат 16:42

Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингке қатысты пікір білдірді

Бүгін мәжілістің жалпы отырысынан кейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тілшілерге Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді. 

-Бір топ адам Қытайдың 55 кәсіпорны салынады екен дегенге сеніп, алаңға шықты. Бүгінгі таңда бұл ақпарат жалған екені анықталды және ешқандай Қытайдың компаниясы салынбайды. Әрине, бірлескен кәсіпорындар бар және Қытай инвестициясы бар. Бірақ әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таралып кетті. Оның заңсыз екенін айтқым келеді. Егер заңсыз митингке шақырушылар болса, онда ішкі істер органдары бұл іске араласады. Әзірге қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты ешқандай дерек тіркелген жоқ. Бәрі тыныш», - деді Тұрғымбаев.

Министр Жаңаөзенде облыс әкімінің азаматтармен кездесуі өтіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.

Айта кетейік, 2 қыркүйектен бері Маңғыстау облысында орналасқан Жаңаөзен қаласында митинг өтіп жатыр. Халық  - Қытайдың 55 кәсіпорны салынбасын деген талап қойып жатыр.

Abai.kz

6 пікір