Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
4790 0 пікір 4 Қыркүйек, 2019 сағат 12:16

Алматы облысында қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы іске қосылды

2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданды. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын мақұлдады, соған сәйкес жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нақты мақсатты индикаторлары қабылданды: 2020 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 3%-ға және 2050 жылға қарай - 50%-ға жеткізу қажет.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлығының игілігі!» өзінің сайлау бағдарламасында 2019 жылдың сәуірінде 2030 жылға қарай Казақстанда жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электрэнергияның үлесін 30%-ға дейін ұлғайту мәселелерін қойды.

«ENEVERSE KUNKUAT» (бұдан әрі - ЕКК) ЖШС сингапурлық ENEVERSE KUNKUAT PTE.LTD компаниясының еншілес компаниясы, Алматы облысында Қапшағай қаласының маңында 100 МВт күн электр станциясын (бұдан әрі - Жоба) пайдалануға берілді. Жоба 270 Га жер телімінде күн паркін, 220 кВ қосалқы станциясын және 220 кВ жоғары вольтты желінің құрылысын қамтиды.

3 қыркүйегінде ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж.М.Қасымбек және Алматы облысының әкімі А.Г.Баталов қатысты.

2017 жылғы қазанда ҚР Энергетика министрлігі EKK-ны жаңартылатын энергия көздері үшін энергия өндіретін компаниялардың тізіміне қосты. «Электр желілерін басқару компаниясы» АҚ (KEGOC)  жүйелік операторы электр тораптарына қосылудың техникалық шарттарын тез арада шығарды және әдістемелік қолдау көрсетті.

2018 жылдың қыркүйегінде күн электр станциясының құрылысы басталды. Құрылыс кезеңінде 500-ден астам қазақстандық жұмысшы және 11 қазақстандық құрылыс компаниясы іске қатыстырылды.

Станция жобалық жалпы құны 27,7 млрд. теңгені құрады. ЕКК-тің меншікті қаражаты 10,4 млрд. теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыруға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың несие қаражаты (10,8 млрд. теңге) және «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қаржылық лизингі (6,5 млрд. теңге) тартылды.

Алматы облысының әкімдігі КЭС салу үшін жер бөлді және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 220 кВ (233 млн. теңге) жоғары вольтты желілердің құрылысын қаржыландырды.

Жоба бойынша электр станциясы жыл сайын 160 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді, оны сатып алу үшін KEGOC-тың еншілес ұйымы - Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі айырысу-қаржы орталығымен келісімшарт жасалған. КЭС СО2 атмосфераға шығарындыларын жылына 150 мың тоннаға азайтады.

Алматы облысының әкімдігімен келісе отырып, ЕКК Қапшағай қаласындағы әлеуметтік нысанды жөндеуге және құрылысқа көмек көрсетеді.


Анықтама үшін: EKK компаниясының негізгі құрылтайшысы Universal Energy Co., Ltd (UE) болып табылады. UE қызметі күн және жел энергетикасына бағытталған, офистері Шанхайда, Гонконгте, Сингапурда, Алматыда орналасқан.

UE (QAZAQSTAN) Қазақстандағы іске асырылатын жаңартылатын энергия көздер жобаларының жалпы қуаттылығы 380 МВт құрайды. Бүгін ашылған КЭС-нан басқа, бұл:

Шығыс Қазақстан облысындағы «Шәкәрім-30МВт» КЭС;

Алматы облысындағы «Кенен – 50 МВт» КЭС;

Қостанай облысындағы «Ыбырай -50 МВт» ЖЭС;

Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақтоғай 1 фазасы - 100 МВт» ЖЭС;

Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақтоғай 2 фазалы-50 МВт» ЖЭС.

Abai.kz

0 пікір