Сәрсенбі, 20 Қараша 2019
1719 9 пікір 30 Тамыз, 2019 сағат 10:43

«Ұлттық кеңестің миссиясы жаңа саяси мәдениетті қалыптастыра білу»

Ұлттық кеңестің бірінші отырысына дайындық мәселелері бойынша ұйымдастыру кездесуі өтті. Ұлттық кеңестің бағыттары айқындалып, нақты жұмыс топтары құрылды. Енді 6 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтеді. Осыған байланысты Ұлттық кеңестің жұмысына қатысты ойыммен бөліссем:

1). Мемлекет ары қарай тұрақты дамуы үшін саяси плюрализм мәселесін қолға алу қажет. Сонымен қатар қоғамның саяси мәдениетті дамытуды да ойлау керек. Өйткені, саяси мәдениетті дамытпай әлеуметтік жаңару күн тәртібіне көшу мүмкін емес. Осы орайда, Ұлттық кеңестің миссиясы жаңа саяси мәдениетті қалыптастыра білу;

2). Бастысы ішкі регламенттер жұмыс топтарында талқыланып, бекітілді. Енді әр жұмыс тобы өз бетінше, содан кейін ол топтар бірлесіп нәтижелі жұмыс көрсетуі маңызды. Осы жағдайда жұмыс топтарының ішінде де, жұмыс топтары бір-бірімен де саяси ұпай жинау үшін бәсекелесіп, бітпейтін айтыс-тартысқа түсіп кетпеуі тиіс. Топтардын жұмысына жеке амбициялар мен тіл табыса білмеуден туындайтын қарым-қатынастардың салқының тигізбей өту керек;

3). Ұлттық кеңес отырыстарының мәдениеті қалыптасқанға дейін (бұған шамамен 3-4 отырыс керек) Президенттің ресми сайтында Ұлттық кеңестің алғашқы отырыстарының нәтижелері жарияланатын бюллетендерді іліп отыру керек деп санаймын.

Әнуар Шотбаев

Abai.kz

9 пікір