Сенбі, 20 Сәуір 2024
3485 0 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 17:49

Сырбойылық жас кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Қызылорда облысының жас кәсіпкерлер форумы» өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Аталған шараның негізгі мақсаты – кәсіп жасауға ниеті бар жастарды қолдау, оларға тәжірибелі көмек көрсету, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейтіп, жұмыссыздардың санын барынша қысқарту» ,- дейді форумды ұйымдастырушылар.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси Әбілқасымұлы аймақтағы кәсіпкерлік саласының дамуы және ондағы жас кәсіпкерлердің үлесі туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде өңірдегі кәсіпкер жастарды әлі де көбейтуге күш салу керектігін айтты.

Бұдан бөлек, форумда жас кәсіпкерлер Ақжарқын Тасболатова, Баян Дүйсенбек, Жанат Ержігітова, Ердәулет Сәрсенбек сынды өрендер кәсіпті қалай жүргізу керек, оны дамытудың жолдары, табысты кәсіпкер болудың құпиясы, жеке ісін бастағысы келген жастарға қарастырылған мүмкіндіктер айтып өтті. Сонымен қатар жиында бизнес бастауға ынталы талапкерлер кәсіпкерлермен жүздесіп, тәжірибе алмасты. Оларға несие алуға арналған бағдарламалар, мемлекеттік гранттарды алу жолдары түсіндірілді. Жас кәсіпкерлер мен форум қатысушылары өз сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауаптар алды.

Айта кетейік, облыста 2018-2020 жылдары жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жарияланған болатын. Былтыр бұл мақсатта 32 млрд теңге қаржы қаралса, биыл бұл бағытта әртүрлі қаражат көздерінен 34 млрд теңге бөлініп отыр.

Abai.kz

0 пікір