Сенбі, 20 Сәуір 2024
3929 4 пікір 28 Тамыз, 2019 сағат 11:05

Макрон қыркүйекте Украина бойынша саммит өткізетінін мәлімдеді

Қыркүйекте Ресей, Украина, Германия және Франция лидерлері Украина шығысындағы жанжалды тоқтату мақсатында саммит өткізеді.

Бұл туралы Францияның президенті Эммануэль Макрон Биаррице қаласында өтіп жатқан "Үлкен жетілік" саммитінен кейін мәлімдеді.

"Біз қыркүйек айында маңызды саммит өткізу үшін барлық шарттар бар деп ойлаймыз", - деді Макрон. Бірақ ол кездесудің нақты күнін атамады.

Украинаның шығыс аймақтарында ресейшіл жікшілдер мен үкімет күштерінің арасындағы текетірес 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан бері жалғасып келеді. Одан бері 13 мыңдай бейбіт адам мерт болып, бір жарым миллионға жуық тұрғын басқа аймаққа көшіп кетті.

Еуропа одағы АҚШ және басқа елдер жанжал үшін Мәскеуге айыптап, Ресейге қарсы санкциялар салған.

Abai.kz

4 пікір