Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
46 - сөз 4288 11 пікір 22 Тамыз, 2019 сағат 11:38

Екі сиырмен баю мүмкіндігі

Сиырмен екі жол арқылы баийсыз. Біреуі сүт өнімдері, біреуі ет өнімдері.
Сүт өнімі 2 сиырдан жанұяның өзінен аспайды.

Ет өнімі. Екі сиырды сойып сатсаң, 150-170 000 ₸ айналасында ғана. Оны бағу үшін бір жылға шығын жем-шөп 40-50 000 ₸ айналасы. Оны өсіртсе жақсы. Мал дәрігері қан алғанда ауру деп тапса сиырың 50 000 ₸ мен 100 000 ₸ маңайында мөңіреп кетеді.

Общым эканомикалық жағынан тиімсіз. Оборотқа шығу үшін 10 жыл уақыт кетеді. Төлі бар емес пе дейсіз бе? Сиыр туса жақсы, қысыр қалса несі жақсы. 2 төл еркек ғана болса өтеді. Ұрғашы малды малданатын болса ғана алады. Жылына екі бұзаудан 70-80 000 ₸ айналасына сатасың. Жылдық табыс қанша? Айтпақшы, жайылымдық жер алу проблема! Сүт пен еттің айырмашылығы осы. Біреудің жеріне түссе 96 000 ₸ штрафы бар. Сиырдың терісі 200 ₸ тұрады. Мұнайдың үстінде тұрып жем-шөп дайындайтын техникаға жанармай қымбат! 200-215 теңге!

Мұнай мен қазба сатып баий алмай отырғанда екі сиырмен күн көріп байымай-ақ қояйықшы. Халқына жағдай жасай алмай отырған партия мен биліктің құны көк тиын!

Мейіржан Темірбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір