Жұма, 20 Қыркүйек 2019
1197 0 пікір 20 Тамыз, 2019 сағат 18:45

Қазалыда белсенді кәсіпкерлердің саны көбейген

Бүгінгі таңда Қазалы ауданында кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4288 бірлікті құраған. Оның ішінде жылдың алғашқы айында 561 кәсіпкер тіркелді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3797-ге жеткен. Белсенділік көрсеткіші 88,5 пайызды құраған.

Қазіргі күні «Exclusive», «AryNaz» сауда үйлері, «RR» мейрамханасы, «Аянат» ойын-сауық орталығы, жеке кәсіпкер Қ.Кулдеевтің «Автокөлікке қызмет көрсету» орталығы, өндірістік аймақтан Ә.Әбидің «Жылыжай кешені», «Nur-Med.kz» медицина орталығы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, көкөніс сақтайтын қойма, жанар-жағармай құю бекеті, сауда үйлері және басқа да 10-ға жуық кәсіпкерлік нысандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауданда жыл соңына дейін 950 жаңа жұмыс орындары ашу межеленген боласа, бүгінде 588 жаңа жұмыс орны ашылған. Онда тұрақты жұмыспен 567 адам, уақытша жұмыспен 21 адам еңбекпен қамтылған.

Сонымен қатар биылғы жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 77 кәсіпкер құны 254,9 млн.теңге несие рәсімдеген. Ал «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нің Бақылау Кеңесіне ауданнан 94 жоба ұсынылып, оның ішінде құны 169,6 млн.теңге болатын 48 жоба мақұлданған.

Abai.kz

0 пікір