Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 6316 0 пікір 20 Тамыз, 2019 сағат 11:07

Мәжіліс мандатын алған Әбдіхалықова кіші-премьерліктен босатылды

Әлгінде ғана "Нұр Отан" партиясының саяси бюро жиынында Мәжіліс депутаты мандатына ие болған Гүлшара Наушақызы кіші-премьерлік қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлшара Әбдіхалықованы қызметінен босату туралы Жарлық шығарды.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", деп жазылған Президент Жарлығында.

Гүлшара Наушықызы Әбдіхалықова 1965 жлы Қызылорда облысында туған. 54 жаста.

1987-90 жылдары - Қызылорда облысы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы,

1990-94 жылдары - Қызылорда облысы әлеуметтік қорғау басармасының бөлім бастығы,

1994-95 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің кеңесшісі,

1995-99 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы,

1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары, департамент директоры,

2003-05 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,

2005 жылдан - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ Басқарма төрайымы,

2009 жылғы 4 наурыздан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

2013 жылғы 28 қарашадан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары,

2014 жылғы 11 қарашадан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы,

2019 жылғы 16 тамызға дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары,

2019 жылғы 16 тамыздан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

15-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Abai.kz

0 пікір