Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3297 6 пікір 20 Тамыз, 2019 сағат 10:12

АҚШ қанатты зымыран ұшырды

АҚШ қорғаныс министрлігі қанатты зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Үш апта бұрын бұл сынақ алыс қашықтыққа зымыран ұшыруға тыйым салу жөніндегі келісімге қайшы келген.

Енді Ресей-Америка келісімі тоқтағаннан кейін жаңа қаруды сынақтан өткізуге мүмкіндік ашылған.

Пентагонның баспасөз қызметі хабарлағандай, жексенбі күні Калифорнияның Сан-Николас аралынан ұшқан зымыран 500 шақырымнан аса қашықтыққа ұшып, дәлдеген жерге жеткен.

Осының алдында Құрама Штаттар 1987 жылы Совет одағы кезінде қабылданған 500-ден 5 500 км қашықтыққа зымыран ұшыруды жою жөніндегі келісім күшінде болғандықтан алыс қашықтыққа зымыран ұшыра алмай келген.

АҚШ биылғы жылдың 2 тамызында Ресей аталған шартты бірнеше қайтара бұзды деп екіжақты келісімнен шыққан. ​

Abai.kz

6 пікір