Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4028 1 пікір 20 Тамыз, 2019 сағат 10:09

Қырғыз саясаткері Өмірбек Бабанов тергеуге алынды

Қырғызстан парламентінің экс-депутаты Өмірбек Бабанов 19 тамызда кешкісін экономикалық қылмысқа қарсы күрес (қаржы полициясы) қызметі тарабынан сұрауға алынған.

Ол журналистерге "Қырғызстан" банкіне қатысты өзін тергеуге алғанын жеткізді. Бірақ тергеу құпиялығына қатысты, журналистер сұрағына ашық жауап бермеді.

Ол сонымен бірге 20 тамызда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тарапынан тергеуге шақырылған.

"Республика" партиясының лидері Өмірбек Бабанов 9 тамызда Мәскеуден Бішкекке оралды. Манас әуежайында оны жүздеген жақтастары күтіп алды. Елдің арнайы қызметі саясаткерге қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалғанын, Бішкекке оралған жағдайда жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

2017 жылы президент сайлауынан кейін дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орын алған Өмірбек Бабанов саяси мансабын аяқтаймын деп мәлімдеп, Мәскеуге кеткен.

Өмірбек Бабанов - Қырғызстандағы "Қырғызстан" банкінің қожайыны.

Abai.kz

1 пікір