Жексенбі, 22 Қыркүйек 2019
46 - сөз 8313 29 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 15:36

Орта мектептердің барлық пәндерін мемлекеттік тілде оқыту керек!

Елімізде мынау қазақ мектебі, анау орыс мектебі деген бөлуді қоятын кез келді. Жалпы орта мектептердің барлық пәндерін мемлекеттік тілде оқытуды қолға алуымыз керек. Тек орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі сол аталған тілдерде берілуі тиіс. Келешекте орыс тілінің сағаттарын қысқарту арқылы әлемдік тіл ағылшын тілінін сағаттарын көбейтуге болады.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларына әдеп, қоғамдық орындарда өзін қалай ұстауды, табиғатты , қоршаған ортаны, адамды сүюді, еңбекке баулу және оны қастерлеуді, отбасылық құндылықты қадірлеуді үйретуге барынша көп уақыт бөлген дұрыс деп санаймын.

Ұзақ жылдар оқушылар тарапынан қалыптасып қалған мектеп мұғалімдеріне "апай, ағай" деген атаулардан айырып, Ұстазым еп атаған дұрыс болар деп ойлаймын. Бұл ұстаз мәртебесін биіктете түседі.

Мұрат Бақтиярұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

29 пікір