Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2839 3 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 11:27

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Twitter әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі -  Твиттерде @NigmatulinKZ  жеке парақшасын ашты.

Н. Нығматулин өзінің  Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

- Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел  ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді.  Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын,-деді Мәжіліс Спикері.

Abai.kz

3 пікір