Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3488 0 пікір 16 Тамыз, 2019 сағат 14:54

Қазақстанда алғаш рет өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

17 - 23 тамыз аралығында "Қазақстанды таны" жобасы аясында тревел-блогерлер ретінде кеңінен танымал және мыңдаған жазылушы аудиториялары қалыптасқан 35 шетелдік блогерлердің қатысуымен  халықаралық блог-тур өтеді.

Жобаға қатысу үшін Қазақстанға Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Греция, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин және Канададан видеоблогерлер келеді. Олар біздің елдің блогерлерімен бірге тарихы тереңге жайылған көрікті жерлерді көріп, табиғаты таңғажайып мекендермен танысу үшін еліміздің аймақтарын аралап 5 күндік турнэге аттанады.

Блог-тур Қазақстан өңірлерінде 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

1-бағыт: Аумағы 440 шақырымды құратын Шығыс Қазақстан облысы бойынша өтеді. Блогерлер: Рахман қайнарлары, Радостный асуы, Брел қорғандары, Катон-Қарағай ауданы, «Косы Вероники» сарқырамасы, Зырян және Осиновка асуында болады.

2- бағыт: Түркістан облысындағы сәулет ескерткіштеріне арналады. Түркістандағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Отырар мен Сауран ежелгі қалашығы, сондай-ақ Ақсу Жабағылы қорығында болады.

3- бағыт: Орталық Қазақстан бойынша."Бурабай" ұлттық табиғи паркі, "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы мұражайы, "АЛЖИР" мұражайы, Нұр-сұлтан қаласына саяхат жасайды.

4- бағыт: Батыс Қазақстан облысы бойынша. Маршрут аясында Ақтау, Бозжыра шатқалдары мен алқабы, Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақие және Түйеске барады.

5- бағыт: Алматы және Алматы облысы бойынша. Блогерлер Алматы, Үлкен Алматы Өзені, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Таңбалы тас және Алтын Емелге барады.

Блог-турдың қорытындысы бойынша блогерлер Қазақстан бойынша саяхат туралы бейне шолу жасап, YouTube-тағы өз арналарына орналастырады.

Тур аяқталғаннан кейін блогерлер 24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Қазақстанды таны" атты халықаралық блогерлер форумына қатысады. Форум барысында қатысушылар үшін супер-ақпараттық және пайдалы мастер-кластар ұйымдастырылады, онда олар блогингті дамытуға арналған барлық фишкалар туралы біледі. Олар: "Тревел блогинг", "YouTube-блогер профилін дамыту /ЛОМ", "Бизнес-блогинг", "Instagram-блогер профилін дамыту / ЛОМ", "Qazaq Instagram" және басқалар. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Instagram және Youtube блогерлердің профильдерін қалай дамыту және сапалы мультимедиялық контент құру туралы білімдерімен бөліседі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "A kind heart" ҚБ.

Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болып табылатын "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы.

Жоба Қазақстандағы жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

«A kind heart» ҚБ

Анықтама үшін тел.: 87010933000

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596