Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Аймақ 4337 0 пікір 15 Тамыз, 2019 сағат 18:11

Сыр спортында серпін бар

Қызылордалық спортшылар 2019 жылдың 6 айында зор жетістікке жетіп үлгерген. Әлем және Азия чемпионаттарында 48 медаль Сыр спортшыларына еншілесе ,ҚР чемпионаттарында барлығы 907 медальды қанжығаға байлаған. Оның 272–і алтын, 248-і күміс, 387-і қола жүлде,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сонымен қатар спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 231613 адамға жеткен. Ал балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 23058 құрап отыр. Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов айтты.

– Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Былтырғы жылы 9 жоба іске қосылды,- дейді ол.

Сондай-ақ, басқарма басшысы облыс спортшыларын 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуын қамтамасыз ету, Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады.

О.Акимов облыс тұрғындарын спорт нысандармен қамту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, алдағы уақытта «Локомотив» стадионына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кордының құрылыс жұмыстарын аяқтау жұмыстары жалғаспақ.

Abai.kz

0 пікір