Жұма, 19 Сәуір 2024
3641 3 пікір 13 Тамыз, 2019 сағат 15:52

Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар шетелдіктермен қақтығысты

Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шықты.

Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Бұл жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және комбинат жұмысшыларымен кездесті.

"Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.

Дереккөз: tengrinews.kz

Abai.kz

3 пікір