Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2286 1 пікір 13 Тамыз, 2019 сағат 13:11

Мемлекет басшысы Смағұл Елубайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады.

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.

Abai.kz

1 пікір