Жексенбі, 25 Тамыз 2019
Ауыс-түйіс 1413 15 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 18:30

Ескі һәм жаңа сенаторлар

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірлі-жарым ауыс-түйіс жасады. Әуелі елші Ермұхамет Ертісбаевты (Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті елшісі) қызметінен алып, оның орнына сенатор Асқар Бейсенбаевты тағайындады.

Онан соң, сенаторлар Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың орына Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіровті тағайындаған. Ауыс-түйіс мұнымен аяқталған жоқ. Әйтімова мен Бейсенбаевтың соңын ала Сергей Громов, Владимир Кимдер кетті сенаторлықтан.

Сонымен, Президент пәрменімен болған азды-кем ауыс-түйісте кімдерге қандай қызмет бұйырды? Жаңа тағайындалған сенаторлар кімдер? Біле жүріңіздер:

Сенаторлар:

Бірғаным Сарықызы Әйтімова,

Асқар Асанұлы Бейсенбаев,

Сергей Николаевич Громовтың,

Георгий Владимирович Кимнің,

Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің,

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды.

Олардың орына:

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп,

Асқар Оразалыұлы Шәкіров,

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед,

Андрей Иванович Лукин,

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева,

Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен,

Дана Өмірбайқызы Нұржігітова,

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Сенат депутаты болып тағайындалды.

Айта кетейік, жаңа тағайындалған сенаторлардың арасында Мұхтар Құл-Мұхаммед, Дариға Назарбаевалар да бар екен. Дариға Назарбаева экс-спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке сайлануынан соң, сенаторлар арасында дауыс беру арқылы спикерлікке таңдалған еді. Ал Мұхтар Абрарұлы бұған дейін де Сенатта болған.

Abai.kz 

15 пікір