Жұма, 19 Сәуір 2024
4995 16 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 17:56

Президент Тоқаев Бірғаным Әйтімованы сенаторлақтан алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Сарықызы Әйтімова мен Асқар Асанұлы Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылды", делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы экс-сенатор Асқар Бейсенбаевты Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігіне тағайындау туралы шешім шығарған еді.

Ал Бірғаным Әйтімованың қандай қызметке ауысқаны туралы ресми ақпар шыққан жоқ.

Бірғаным Сарықызы Әйтімова 1953 жылғы 26 ақпанда туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша ағылшын тілінің мұғалімі, заңгер. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангы бар.

«Құрмет», «Парасат» және ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.

1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.

1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Израилдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.

2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі.

2007 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды.

Кейін аталмыш қызметтен алынып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған.

Abai.kz

16 пікір