Жұма, 20 Қыркүйек 2019
467 0 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 18:40

Бұқаралық спортты дамыту басты назарда

"Тәні саудың - жаны сау" дейді. Осы қағидағы берік ұстанған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып келеді.

Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының сау денелі болуына әсер еді. Сау денелі, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ. Басқасын айтпағанда еліміздің спорт саласында қандай жетістіктерге жеткенін ескерсек, соның өзі Елбасының салауатты өмір салты ұстанымының өз жемісін бергенін айғақтайды. Еліміз спортшылары әрқашан да халықаралық ареналарда ірі табыстарға жетіп жүр. Оны алдағы мақалаларымызда толықырақ баяндайтын боламыз.

Ал бүгін айтпағымыз бұқаралық спорттың жайлы. Бәріміз білетіндей, 2018 жылы 5 қазана Қазақстан халықына арналған Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында осы мәселеде айтылды. Атап айтқанда, осы Жолдаудың екінші тарауында бұқаралық спортты дамыту жайлы арнайы тапсырма берілді.

Біз айтып отырған өткен жылғы екінші тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталды. Бұнда Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың тұрмыс сапасын көтеру мақсатында бірқатар тапсырмалар берді. Елбасы ел үкіметіне, барлық жауапты басшыларға халықтың тұрмытық әл-ахуалын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырады. жоғарлату мақстында тынбай жұмыс істеу керек екенін айтты.

Осы Жолдаудың екінші тарау, жетінші тармақшасында айтылған мына сөздерге мән беру керек. Онда "Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет" делінген.

" Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет", - деді Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Осыдан-ақ, Елбасының ел өміріне қаншалықты көңіл бөліп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына деп беріп отырғанын аңғаруға болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің осы тапсырмаларын орындау мақсатында барлық саладағы жауапты қызметкерлер тынбай еңбек етіп келеді. Мәселен, жақында  «Нұр Отан» партиясы Рудный қалалық филиалының бастамасымен бір игі шара қолға алынды.

Атап айтқанда, аталған өңірдің Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бас партияның филиялы бірлесіп «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық фестиваль өткізді. Облыс көлемін толық қамтыған спорттық жарысқа сексеннен астам мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты.

Ең маңыздысы, тағдыр тәлкегіне түскен осы бір қайсар жандардың өмірге деген құлшынысы ереке болды. Олар өздері ұшырған осы бір қиындықтарға еш мойымай, Елбасы ұсынған салауатты өмір салтын берік ұстанып келеді. Солардың бірі параволейбол спортымен айналысатын оралдық Азон Шаймарданов. Оның айтуынша, осы спортпен айналысып жүргеніне біршама уақыт болған екен. Осыған дейін мүгедектер арасындағы біршама жарыстарға қатысқан.

"Қазақстан Республикасы параволейболынан 11 дүркін чемпионымын, Азия чемпионатының күміс жүлдегерімін. Рудный  шаһарында параспортпен айналысуға бар жағдай жасалған. Қатысушылардың саны көп, яғни бәсекелестік күшті",дейді Шаймарданов.

Айтар кетерлігі, сайысқа қатысушылары спорттың көптеген түрінен сынға түсіп, бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аймақта соңғы жылдары спортпен шұғылданатындардың саны артып келеді. Олардың қатарында үмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар да спортқа барынша ден қойып, салауатты өмір салтын ұстануға құштар.

"Фестивалдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Бұған дейін біз облыстық жарыс ұйымдастырған едік. Оған 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Біз облыстық фестивалді дәстүрлі түрде өткізіп тұруды мақсат етіп отырмыз", - дейді жарыс ұйымтастырушысы, Рудный қалалық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Санаш Есжанов.

Сөз соңында айтарымыз, бұндай спорттық шаралар бұқаралық спорттың дамуына үлкен үлесін қосады. Қазақстан әлемге қуатты спорттық держева ретінде белгілі. Сол үшін елдегі әрбір азаматтық белсенді түрде спортпен шұғылданғаны оң. Сол үшін де Елбасы жолдауында айтқандай Үкімет пен әкімдер әр өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды қолға алуда.

Abai.kz

0 пікір