Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 5267 5 пікір 7 Тамыз, 2019 сағат 12:08

Баяғыда советтер одағында жағдай осылай еді...

Сонда бұл үкіметтің коммунистік режимнен айырмасы не?

Бір адамға 500 мың теңгенің валюта операциясын жасауға рұхсат береміз дейді. Айырбастау пунктері кешкі 7-ден кейін істемейді, ал валюта айырбастаған адам туралы мәлімет журналға жазылады.

Баяғыда советтер одағында жағдай осылай еді. Бұл коррупцияның дамуына, көлеңкелі бизнестің қарқын алуына жол береді. Өйткені 1,500 долларды айырбастап қана отырмайтындар көп қой.

Екіншіден, айырбастау пунктері жабылады. Қай бір жылы Мәскеуге барғанымда айырбастау пунктін таппай екі сағат сенделген едім. Ал банк менің паспорт мәліметтерімді жазам деп тағы бір сағатымды алған.

Меніңше, бұл ұсыныс та қауіпсіздік сертификатының аяғын құшатын шығар...

Есенгүл Кәпқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір