Сенбі, 20 Сәуір 2024
3314 0 пікір 6 Тамыз, 2019 сағат 11:11

Трамп АҚШ-та жаппай адам қырғандарға өлім жазасын енгізеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 5 тамызда елде жаппай адам қырғандарға өлім жазасын қолдану туралы заң шығатынын хабарлады. Мемлекет басшысы Эль-Пасо (Техас) және Дейтонда (Огайо) тіркелген қарулы шабуылдарға осылай жауап берді.

"Мен Әділет министрлігіне жаппай адам қырғандарды өлім жазасына кесетін заң дайындауды тапсырам. Жазаның ең қатаң түрі тез жүзеге асырылатын болады", - деді Трамп.

Жақында Трамп әкімшілігі өлім жазасын федералдық деңгейде қалпына келтірген. АҚШ-та мұндай жаза кісі өлтіргендерге және терроршыларға қолданылады, бірақ мұндай жаза барлық штаттарда қолданылмайды.

Трамп Огайо және Техастағы қарулы шабуылдарға байланысты АҚШ-та азалы күн жарияады.

Бірқатар ақпарат құралдары мен саясаткерлер Эль-Пасодағы қарулы шабуыл үшін Трамптың өзін кінәлаған. 21 жастағы Патрик Крузиус Латын Америкасының тумаларына оқ атып, манифесінде "Латын Америкасының АҚШ-қа басқыншылығына тойтарыс бергісі келетінін" жазған.

​Трамп бұған "Жеккөрушілікке Америкада орын жоқ" деп жауап берген.

Abai.kz

0 пікір