Дүйсенбі, 14 Қазан 2019
Билік 1784 3 пікір 2 Тамыз, 2019 сағат 14:21

Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптері қаралғандардың 80 пайызы басшылық лауазымындағылар

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес жыл басынан бері 14 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза көруге шешім шығарған.

Ал, Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптері қаралғандардың 11-і, яғни 80 пайызға жуығы басшылық лауазымдағы тұлғалар деп мәлімдеді брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі.

Брифингте Әдеп жөніндегі кеңеспен атқарылған жұмыстар және мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексі нормаларының сақталуы сөз болды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың 17 фактісі орын алып отыр. Оның басым көпшілігі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, 35 мәселе қаралды. Қаралған мәселелердің 19-ы тәртіптік істер. 14 мемлекеттік қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды. Олардың 8-не Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін, 6-на мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жазалар қолданылды», - деді департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Сонымен қатар, департамент тарапынан 2019 жылдың 6 айында облыстағы мемлекеттік органдарда 40 тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесімен мемлекеттік қызмет заңнамасын бұзғаны үшін - 2 қызметшіге, қызмет этикасын сақтамағаны үшін - 4 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған.

Abai.kz

3 пікір