Жексенбі, 15 Қыркүйек 2019
46 - сөз 1068 2 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 13:34

Мичиган университеті: "Қазақстан үкіметі цензураға дайындалып жатқан сыңайлы"

Censored Planet - Мичиган университеті жанынан құрылған зерттеу орталығы. Олар Әлем бойынша (170 астам елде) интернет желілеріндегі ақауларды, шабуылдар мен тосқауылдарды зерттейді. Осы орталық сканерлері 20 шілдеден бастап Қазақстанда MitM шабуылдары туралы ескерте бастаған. ( MitM - man in the middle «арада адам бар» шабуылдары дегеніміз пайдаланушы мен сайт арасына үшінші адамдардың кіріп сертификат пен трафик арқылы жеке деректерін, құпиясөздерін еркін қарап, қадағалай алатынын білдіреді).

Сөйтіп Қазақстандағы интернеттегі жағдай зерттеу нысанына айналды.
Бұл зерттеу журналистік мақала, не эксперт пікірі емес. Толыққанды ғылыми негізделген зерттеу! Қарапайым оқырман түсінбейтін тұстары көп. Бірақ сіз бен біз үшін өте түсінікті мынадай жолдар бар:

"Қауіпсіздік сертификаттарын орнатуды ұсынған қазақстандық интернет-провайдерлер осы әрекеті арқылы пайдаланушыларды заңсыз контенттен, интетнет алаяқтардан, заңсыз бұзудан қорғайтынын мәлімдейді. Алайда сертификаттар бағытталған домендер тізіміне келсек, олардың негізгі нысанасы негізінен әлеуметтік медиа және коммуникациялық сайттар болып тұр.

HTTPS тосқауылдары Қазақстандағы азаматтардың жеке басының құпиясы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Қазір мұндай тосқауылдар бүкіл ел ауқымында жасалмағанымен, Қазақстан үкіметі жақын арада цензураға дайындалып жатқан әрі оған толық мүмкіндігі бар сыңайлы. Халықаралық қауымдастық бірнеше он жылдар бойы қол жеткізген киберқауымдастық прогрессіне қайшы келетін мұндай жағымсыз тәжірибені назарда ұстауы керек".

Белла Орынбетованың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір