Жұма, 19 Сәуір 2024
Ел іші... 4859 11 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 12:22

Елбасы «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталды

1980-ші жылдардың аяғында қайта құру кезеңінде, яғни «демократия» етек ала бастаған  шақта мемлекеттік органдар мен мекемелерді, әскер мен құқық қорғау органдарын саясатсыздандыру және партиясыздандыру үрдісі басталды. Ал кәсіподақтарда ыдырау және әлсіреу кезеңі басталды.

Еліміз егемендікке, тәуелсіздікке қол жеткізген кезде 90 жылдардың басында жаңа Президент аппаратында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл барлық орталық мемлекеттік органдарда партиялық және кәсіподақ комитеттері тарқаған уақытта болды.

Сол кезден бастап Мемлекет басшысы кәсіподақ комитетінің жүйелі қызмет атқаруына қамқорлық танытты. Ішкі аппарат мәселелері бойынша тапсырмаларды кәсіподақтар арқылы жүзеге асыруды ұсынып отырды, осылайша қоғамдық ұйымның беделін арттырды. Президент Әкімшілігінің кәсіподақ комитетінің басшысы осындай қолдауды сезіне отырып, Елбасы артып  отырған сенімді ақтауға тырысты және ұжымда белсене жұмыс атқарды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еліміздің кәсіподақтары тарихындағы айрықша рөлін ескере отырып, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орталық комитетінің президиумы өзінің жоғары кәсіподақ марапатын бекітті және:

«Кәсіподақ қозғалысының дамуына, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін және кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподақ қайраткері» №001 медалімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты марапаттау туралы», - шешім қабылдады.

Кәсіподақ марапаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұд Қасымбековқа тапсырылды.

Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі

Abai.kz

11 пікір