Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3110 0 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 10:13

Қызылорда облысында жұмыссыздықты жою жүйелі жүргізілуде

Бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр. Ал еңбекпен қамтылған 11910 адамның 5071-і тұрақты жұмыспен қамтылған,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар легі Сыр өңірінде қарқынды жүргізілуде. Жұмыссыздық жою, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды жобалар кезең-кезең іске асырылуда. Жергілікті қазынадан төленетін қоғамдық жұмыстарға 4 229 адам, жастар тәжірбиесімен 1674 адам, әлеуметтік жұмыстарға 936 адам жіберілген. Деректерге сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 134 129 теңгені құраған.

Қазіргі күні Қызылорда облысының қаржылық ахуалына қалыпты деңгейде. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік бюджетке 76,3 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түскен. Оның 51 млрд теңгесі республикалық, 25,3 млрд теңгесі жергілікті бюджетке тиесілі.

Облысы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, алғашқы жартыжылдық даму тенденциясы қалыпты көрсеткішке ие. Есепті кезеңге бюджет түсімдері 102,2 пайызға, бюджеттің өз кірістері 112,8 пайызға орындалған. Ал облыс қазынасына 3,1 млрд теңге артық түсім түскен. Республикалық бюджет трансферттері мен кредиттерінен есепті кезеңде 116,2 млрд теңге толығымен алынған. Жыл басынан бері игерілуі тиіс қаржының орындалуы 99,1 пайызды құрап отыр.

Abai.kz

0 пікір