Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
3256 0 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 10:55

Ғ.Мұратбаев атындағы стадионға Еуропалық матчтарды қабылдауға рұқсат берілді

Бұл туралы УЕФА-ның сарапшысы Лундстром Питер Паул мәлімдеді. Ол Қызылордаға жасаған сапары аясында жөндеуден өткен стадионның жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сарапшы стадионның ертеректе салынғанын айта келе, қалаға лайықталып жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол құрылыс жұмыстарына пайдаланылған құрал-жабдықтардың сапасына оң баға берді.

– Қазақстанды әлемдік аренада естіп-ақ жүрміз ғой. Бірақ естігенімізбен арнайы келіп, саяхаттамаппын. Футболдың айналасында жүріп, көптеген елді шолып шықтық. Осы спорт түрінің арқасында Қазақстанға, оның ішінде Қызылордаға келіп тұрмын. Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионды сертификациялауға келдім. УЕФА-ның талабына сәйкес екінші категорияға лайықты. Стадион Еуропалық стандартқа сәйкес, кез келген матчты қабылдауға дайын,- деді Лундстром Питер Паул.

Сонымен қатар мейман Қызылорда облысында орналасқан Қорқыт ата кесенесіне барып, өңір тарихимен танысып қайтқандығын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір