Сенбі, 20 Сәуір 2024
3082 0 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 18:36

Республикалық “Тұлпар мініп ту алған” жобасына Қазалы ауданынан 340 оқушы қатысады

Елімізде Рсепублика көлемінде қолға алынған Тұлпар мініп ту алған жобасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Әр өңірден қолдау тауып, халықтық сипат алған аталмыш жобаны Қызылорда облысы да қызу қолдап отыр.  

Мәселен, алдағы қыркүйек айында өтетін байқауға Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан 340 оқушы қатысып, бағын сынайды. Олар негізінен 6-10 сынып аралығындағы мектеп оқушылары.

Оқушыларды іріктеу жұмыстары Қазалы ауданы бойынша 15-қыркүйек күні өтеді деп жоспарланып отыр. Қазірше, байқауға қатысатын үміткерлердің дайындығы жаман емес.

Олардың ішінде: Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушылары - Аймейір Әбдрахым,  Гүлзира Қонысбай (жетекшісі Гүлфайруз Әлішова), Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушылары - Ғазиза Айдарбекова, Айя Сердалы (жетекшісі Мейрамкүл Жөлекеш), №88 мектептің 8-сынып оқушысы Жазира Нұрқаш, 7-сынып оқушысы Айерке Төремұрат (жетекшісі Сұлтанғазы Томай) және тағы басқа оқушылар Қобыланды батыр жырын түгелдей жаттап алған.

Айта кетейік,  «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Қазір байқауға жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір